ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай ІІМ-нің 625 қызметкері марапатталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ішкі істер министрлігінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Оған ІІМ басшылығы, ішкі істер органдары қызметкерлері мен ардагерлер қатысты, деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметінен.
Жиында жауынгерлік қызметтінде үздік көрсеткіштері, құқықтық тәртіпті қорғау кезіндегі азаматтардың мүдделерін қорғаудағы, төтенше жағдайларды жою және адамдарды құтқару кезіндегі батылдығы мен ерлігі үшін ішкі істер органдарының, Ұлттық гвардияның және төтенше жағдайлар жөніндегі бөліністердің 625 қызметкері марапатталды.
Мерекеде министрліктің Кадр жұмысы департаменті қызметкерлері дайындаған «Біз Мәңгілік ел боламыз» деректі фото-көрмесіназарға ұсынылды. Көрмеде еліміздің Президенті-Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың мемлекетті қалыптастыру мен дамытудағы негізгі рөлі, сондай-ақ Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауларының негізгі ережелері көрсетілді.
Кеш соңы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің шығармашылық ұжымы мен Мәдениет орталығының мерекелік концертке ұласты.