ҚР тұрғын үйді жалға беру нарығында баға құлдырауда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тұрғын үйді жалға беру нарығында баға құлдырады. Мұндай жағдай бұрын-соңды болмаған. Әсіресе Алматы мен Астана қалаларында жалға беру құны айтарлықтай төмендеген, деп хабарлайды ranking.kz.

ҚР тұрғын үйді жалға беру нарығында баға құлдырауда

Биылғы жылы тұрғын үйді жалға беру нарығында соңғы бес жылдағы көрсеткіш бойынша ең төменгі құлдырау тіркелді. Баға қазақстандықтардың қаржылық мүмкіндіктерінің қысқаруына байланысты төмендеуде. Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында көпқабатты тұрғын үйлерді жалға алу құны былтырғы жылдың қаңтар-маусым айларымен салыстырғанда, 0,1%-ға төмендеді. Ал көпқабатты емес үйлерді жалға алу жыл бойы небәрі 0,1%-ға артты. Салыстырмалы түрде айтсақ, былтырғы жылдың осы кезеңінде көпқабатты тұрғын үйлерді жалға беру 2,7%-ға өссе, көпқабатты емес үйлерді жалға беру - 4,9% болған.

Жалға берушілер қазақстандықтардың кірісінің айтарлықтай төмендеуіне байланысты бағаны төмендетіп отыр. Биылғы жылдың қаңтар-мамыр айларында ҚР тұрғындарының қаржылық кірістері былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 2,9%-ке төмендеген.

Сонымен бірге, былтырғы жылы (қаңтар-мамыр) республика тұрғындарының сатып алу қабілеті күрт құнсыздану мен оның ұзақтығына байланысты 2,4%-ға төмендеді. Биылғы жылы республиканың 5 облысында көпқабатты үйлерді жалға беру құны төмендегендігі тіркелген, 8 өңірде - өсу байқалады, қалғандарында жылдық құн көрсеткіші өзгермеген.

Бағаның құлдырауы Алматы қаласында байқалды - мұнда көпқабатты үйлерді жалға беру құны былтырғы жылмен салыстырғанда 9,7%-ға төмендеді. Екінші орында - Астана. Елордада көпқабатты тұрғын үйлерді жалға алу 9,3%-ке төмен бағаланады. Бұл екеуінен кейінгі орында Көкшетау қаласы тұр. Мұнда қаңтар-мамыр айларындағы көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда жалға беру құны 4,7%-ке төмендеді. Көпқабатты емес үйлердің жалға беру нарығы демпингке бейімдеу - бағаның құлдырауы барлығы үш өңірде байқалады.

9 облыста баға өсті, 5 облыста өзгеріс жоқ. Көпқабатты емес үйлердің жалға беру құнының ең төменгі көрсеткіші Астанада тіркелген. Мұнда баға жыл бойына бірден 16,1%-ке төмендеген.