ҚР ТЖМ 106 мыңнан астам отбасыны өрт қаупсіздігі бойынша есепке алды

«Жылыту кезеңінде халықтың әлеуметтік осал санаттарына ерекше назар аударылады. Жыл сайын маусым басталғанға дейін министрлік әлеуметтік қорғау органдарымен бірлесіп олардың санын есептейді. Бұдан әрі олар атаулы профилактика көрсету үшін біздің есепте тұрады. Бүгінгі таңда әлеуметтік осал санаттар тұратын 106 мыңнан астам тұрғын үй есепке алынды», - деді вице-министр.
Айтуынша, министрлік өкілдері жыл бойында өрт қауіпсіздігі бойынша рейдтер жүргізіп, үйлерді аралап тұруы керек. Бірақ кемшілік анықталған үйлерге айыппұл салып жатқан жоқ.
«Пештер мен электр жабдықтарын, газ жабдықтары мен баллондарды пайдалану және сақтау бойынша әдістемелік көмек көрсету үшін жыл сайын жылыту маусымы басталғанға дейін және ол аяқталғанға дейін министрліктің бөлімшелері тұрғын үй секторында рейдтер мен аралаулар жүргізеді.
Төтенше жағдайлар министрлігі жеке тұрғын үй секторын жауапкершілікке тартпайды. Тек өзіңізді және отбасыңызды өрттен және көміртегі тотығымен уланудан қалай қорғауға болатындығы туралы ұсыныстар береді», - деді Марат Күлдіков.