ҚР ТЖМ бастамасымен мемлекеттік жоспарлаудың негіз құраушы құжаттарына төтенше жағдайларды ескерту және жою мәселесі енгізілді

Бұл туралы бүгін Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Валерий Петров мәлім етті.
Ведомствоның бастамасымен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, олардың жағымсыз салдарына қарсы іс-әрекет инфрақұрылымын дамыту мәселелері мемлекеттік жоспарлаудың негіз құраушы құжаттарына кіргізілгендігін баса айтқан ол: «Бұлар - Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары және Елді аумақтық кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды сызбасы, ҚР-ның 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы, сондай-ақ оларды іске асыру үшін Үкімет қабылдаған жоспарлар мен бағдарламалар. Жергілікті деңгейде осы мәселелер елдің 16 өңірінің аумақтарын дамыту бағдарламалары мен әкімдіктердің стратегиялық жоспары аясында шешілуде», - деді В.Петров.