ҚР ҰБ теңгенің еркін айырбас бағамы саясатын жүргізе береді

«Ұлттық банк теңгенің еркін айырбас бағамы саясатын жүргізуін жалғастыра береді. Бұл қазіргі сәтте барынша адекватты режім. Бұл бір жағынан алтын-валюта активтерін сақтауға, екінші жағынан отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттігін қолдауға мүмкіндік береді», - деді Д.Ақышев.
Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта теңгенің күнделікті айырбас бағамы іргелі факторлардың өзгеріске ұшырауы негізінде қалыптасып отыр. ал оған Ұлттық банктің қатысуы барынша азайтылған және негізгі трендтердің өзгерісінсіз күрт құбылу орын алған кезде ғана ахуалды ретке келтіруге бағытталған.
«Нарық қатысушылары айырбас бағамының артуына, сонымен қатар төмендеуіне қатысты құбылмалыққа біртіндеп үйреніп келеді. Бұған қоса, оның серпінін айқындайтын факторларды да жақсы түсіне бастады», - деді ҰБ төрағасы.
Д.Ақышевтің сөзіне қарағанда, осының арқасында Ұлттық банктің екінші деңгейлі банктердің өтімділігін қамтамасыз етудегі рөлі күшейді.