ҚР Үкімет басшысы Чех Республикасының Премьерімен кездесті

АСТАНА. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін ҚР Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Чех Республикасының Премьер-Министрі Мирек Тополанекпен кездесті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Кездесу барысында екіжақты, сондай-ақ Қазақстан мен ЕО арасындағы қарым-қатынастар тұрғысында бірқатар маңызды мәселелер талқыланғанына тоқталған К. Мәсімов, «осы бағытта даму үшін әлеуетіміз мол. Атап айтсақ, бүгін біз екі ел арасындағы нақты жобаларды жүзеге асыруға қатысты мәселелерді талқыладық», деді. Чех Республикасы ЕО-ға төрағалық етіп отырғанын жеткізген ҚР Үкімет басшысы, Еуропалық Одақ Қазақстанның ең ірі сауда әріптесі әрі энергоресурстардың тұтынушысы екенін айтып өтті. Өз кезегінде М. Тополанек ЕО Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға ниетті екенін жеткізді. «Біз Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі мен ДСҰ-ға кіру ниетін және аймақтық қауіпсіздік аясындағы ұстанымын оң бағалап отырмыз», -деді Чех Премьері. ҚР Статистика агенттігінің мәліметіне қарағанда, 2008 жылы Қазақстан мен Чех мемлекеті арасындағы тауар айналымы 259,2 миллион АҚШ долларына жеткен. Бұл көрсеткіш 2007 жылға қарағанда 65,2 миллион долларға артық. Оның ішінде экспорт 73,1 миллион долларды, ал импорт 186,1 миллион АҚШ долларын құрап отыр.
Соңғы жаңалықтар