ҚР Үкімет отырысында кәсіпкерлік қызметті түбегейлі жақсарту мәселелері талқыланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев кәсіпкерлік қызметті түбегейлі жақсарту мәселелері жөніндегі ҚР Заңын орындау бойынша шаралар жайында баяндады, деп хабарлады primeminister.kz.
None
None

Министрдің айтуынша, үстіміздегі жылдың сәуіріне дейін мемлекеттік бақылаушы органдардағы тәуекелдерді бағалау жүйесін ұйымдастырудың жаңа әдістемесі әзірленіп, ол тәуекелдерді басқарудың ведомстволық жүйелерін (ТБЖ) жасауға негіз болмақ.

Іс жүзінде кәсіпкерлерге қатысты 2015 жылдың бірінші жарты жылдығында заңды және жеке тұлғалардың шағымдары мен хабарламалары бойынша жоспардан тыс тексеру өткізу ғана мүмкін. Екінші жарты жылдықтан бастап, тексеруді жоспарлау толығымен ТБЖ негізінде және сол жасалған салаларда және әлеуетті құқық бұзушыларға қатысты ғана қалыптастырылады.

Сондай-ақ, басым жобалар бойынша инвестициялық келісім жасаған инвесторлар үшін «бір терезе» принципі енгізіледі. Мемлекеттік органдар сондай-ақ «бір терезе» принципі бойынша құрылыстың жоба-сметалық құжаттамасының салалық сараптамасын алуды ұйымдастыру үшін заңға сәйкес қажетті барлық нормативтік-құқықтық базаны әзірлеуді қарастырады.

«Адами факторды болдырмау және жемқорлық қауіптерді азайту үшін мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау қызметін кезең-кезеңмен автоматтандыру қажет болады. Осыған байланысты биылғы жылы Бас прокуратурамен бірге автоматтандыру бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін бақылаудың барлық салаларын толық талдау жоспарланған», - деп атап өтті Е.Досаев.

Бұдан өзге, Ұлттық банкпен бірге тексерулерге балама ретінде кәсіпкерлік субъектілерінің жауапкершілігін сақтандыру мүмкіндігін заң нормаларын орындау бойынша ұсыныстар жасалады.

Соңғы жаңалықтар