19:20, 20 Маусым 2016 | GMT +5
ҚР Үкіметі 2017 жылға арналған бюджетке дайындықты бастады
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметі 2017 жылға арналған бюджетке дайындықты бастады. Бұл туралы Премьер-Министр Кәрім Мәсімов өзінің Твиттердегі парақшасында жазды.

«Республикалық бюджет комиссиясының отырысын өткіздім. 2017 жылға арналған бюджетке дайындық басталды», - делінген әлеуметтік желідегі хабарламада.