16:08, 22 Маусым 2016 | GMT +5
ҚР Үкіметі АИТВ-инфекциясын емдеу үшін препараттар бағасын төмендету бағытында жұмыс істеп жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметі АИТВ-инфекциясын емдеу үшін препараттар бағасын төмендету бағытында жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында Қазақстандағы ЮНЭЙДС (БҰҰ АИТВ/ЖИТС жөніндегі біріккен бағдарламасының) кеңсесінің директоры Александр Голиусов мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда бұрындары Қазақстанда бір науқасты емдеуге жыл сайын 3 мың АҚШ доллары сомасында қаржы жұмсалған көрінеді.
«Бұл 2013 жылдың соңында осындай сомада жұмсалатын. Бүгінде вирусқа қарсы препараттарға баға күрт төмендеді, яғни екі еседен астам арзандады және 1200-1500 долларды құрап отыр», - деді А. Голиусов.
Осы ретте ол ҚР Үкіметі қазіргі кезде АИТВ-инфекциясына шалдыққандарды емдеу үшін вирусқа қарсы препараттардың ары қарай төмендеткізу мәселесімен айналысып жатқандығын жеткізді.
«2017 жылға қарай бұл мәселелер шешіледі деп үміттенеміз. Аталған препараттарға баға төмендеп, ем-домға қолжетімділік арта түседі деген ойдамын», - деді ол.