ҚР Үкіметі басшысы Қостанай облысындағы «Арқалық-Шұбаркөл» темір жолы құрылысымен танысты

АСТАНА. 19 қазан. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Қостанай облысына жұмыс сапары аясында «Арқалық-Шұбаркөл» темір жолы құрылысының салынып жатқан бөлігімен танысты. Бұл туралы Үкімет басшысының ресми сайты хабарлады.
None
None

Премьер-Министр темір жол құрылысының барысымен танысып, салынып жатқан инфрақұрылымдық нысандарды көрді және бұл жобаны жүзеге асыру мерзімін сақтау бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

«Арқалық-Шұбаркөл» темір жол тармағы да «Жезқазған-Бейнеу» жаңа темір жолы сияқты Жезқазған-Арқалық өңірін дамыту үшін ғана емес, тұтастай алғанда жалпы еліміз үшін стратегиялық маңызды шаруа. Мемлекет басшысының Жолдауында көрсетілген инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру, экономиканың бәсекеге қаблеттілігін елеулі түрде көтеріп, Қазақстанның транзиттік және экспорттық әлеуетін арттырады.

«Арқалық-Шұбаркөл» темір жолының жалпы ұзындығы 214 шақырым, жұмыс барысында оған 2 мыңнан астам адам тартылды.

Қайта түлетіліп жатқан шөлейт даладағы моноқала арқылы өтетін осынау жаңа темір жол тармағы оны транзиттік жолға айналдырады.

Соңғы жаңалықтар