ҚР Үкіметі бюджет қаражаттарының толық игерілмеуі мәселесін шешкен жоқ - мәжіліс депутаты Т. Кенжин

АСТАНА. 13 қараша. ҚазАқпарат - Үкімет бюджет қаражаттарының толық игерілмеуі мәселесін шешкен жоқ. 2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджетті түзетуді талқылауға арналған ҚР Мәжілісінің пленарлық отырысында депутаты Төлеш Кенжин осылай мәлімдеді.
None
None

«Өткен жылы күзде бюджетті нақтылау кезінде Сіз бізді бюджетті орындау тәртібі мәселесі Премьер-Министр ретінде Сіздің үздіксіз және қатаң бақылауыңызда болатынын айтып сендіріп едіңіз», - деді Т.Кенжин.

Мәжіліс депутаты жыл өткен соң бұл мәселе әлі шешілмегенін, тіпті игерілмеген сома одан да арта түсіп, 166 миллиард теңгеге жеткенін атап өтті.

Депутаттың атап өтуінше, соңғы жылдары мұндай мөлшерде игерілмеген қаржы жадында жоқ екенін баса айтты.

Соңғы жаңалықтар