15:04, 19 Ақпан 2009 | GMT +5
ҚР Үкіметі Денсаулық сақтау министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекітті
АСТАНА. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат – ҚР Үкіметінің 2008 жылғы желтоқсанның 23-індегі №1213 қаулысымен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚаулысыАстана, Үкімет Үйі 2008 жылғы желтоқсанның 23-і №1213 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралыҚазақстан Республикасының 2008 жылғы желтоқсанның 4-індегі Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін.2. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов