ҚР Үкіметі Дунга кен орнын әзірлеуші компаниялармен келісім жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада ҚР Экономика министрлігі арқылы ҚР Үкіметі мен «Маерск Ойл Казахстан ГмбХ», «Оман Ойл Компани Лимитед» және «Партекс (Қазақстан) Корпорейшн» компаниялары арасында 1994 жылғы 1 мамырдағы Дунга кен орны өнімін бөлу туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы келісім жасалды.
None
None

«Маерск Ойл Казахстан ГмбХ» коммерциялық директорының айтуынша, «ҚР Үкіметі мен Контрактор арасында бұрыннан бар мәселелер бойынша келісімге қол жеткізу - бұл оң қадам болып табылады, ол бізге ҚР тұтастай мұнай-газ кешенін дамытуға, Маңғыстау өңірін дамытуға ықпал ететін Дунга жобасын одан әрі инвестициялау перспективасын қарауға мүмкіндік береді».

Өз кезегінде, ҚР Энергетика министрі Владимир Школьник былай деді: «Бұл консорциум Дунга жобасын әзірлеуде ҚР-нің маңызды әріптесі болып табылады. Бүгінде оператор «Маерск Ойл Казахстан ГмбХ» компаниясы Қазақстанда жемісті еңбек етуде. Біз өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі жалғастырмақ ниеттеміз».

Каспий теңізі алабына тікелей жақын Оңтүстік Маңғышлақ жазық бөлігінде орналасқан Дунга кен орны Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының құрамына енеді. Жоба қатысушылары «Маерск Ойл Казахстан ГмбХ», «Оман Ойл Компани Лимитед» және «Партекс (Казахстан) Корпорэйшн» компаниялары. Жоба операторы «Маерск Ойл Казахстан ГмбХ».

Соңғы жаңалықтар