ҚР Үкіметі мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы заңды іске асырудың кейбір мәселелері жөнінде қаулы қабылдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметі «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» қаулы қабылдады, деп хабарлады ресми БАҚ.
None
None

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2014 жылғы 29 тамыз Астана, Үкімет Үйі № 959

«Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы

«Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланыс­ты рақымшылық жасау туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 3) тармақшасына, 7-бабының 7-тармағына және 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссияны құру қағидалары; 2) Мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссия туралы ереже; 3) Мүлікті (ақшадан басқа) жария етуді өткізуді ұйымдастыру қағидалары; 4) Жария етілген мүліктің тізілімін жүргізу қағидалары; 5) жария етілген жылжымайтын мүлік объектілерін пайдалануға қабылдауды ұйымдастыру мен жүргізудің ерекше тәртібі бекітілсін. 2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ. Мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссияны құру қағидаттары мен осы комиссия туралы ереже және оның тәртібі республикалық реси БАҚ-та жарияланды.

Соңғы жаңалықтар