ҚР Үкіметі проблемалы жастармен жұмыста қадамдарды түбегейлі қайта қарамақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметі проблемалы жастармен жұмыста қадамдарды түбегейлі қайта қарамақ. Бұндай тапсырманы ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне берді.

«Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен, сондай-ақ жергілікті атқару органдарымен бірлесе бір айдың ішінде проблемалы жастарды еңбекпен қамтамасыз ету мақсатында олармен жұмыстардағы қадамдарды түбегейлі қайта қарастыруы керек», - деді Үкімет басшысы.

К. Мәсімов бұл мәселеге Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен кеңес  барасында ерекше мән берілгенін атап өтті.

«Бүгін Мемлекет басшысының қатысуымен өткен кеңесте нақты мәселелер көтерілді. Мен ертеңнен бастап облыстар бойынша сапарларды бастаймын. Осы ретте барлық кездесулерде көтерілетін бөлек мәселе  жастармен жұмыс бағытына арналады», - деді ол.  

Соңғы жаңалықтар
telegram