ҚР Үкіметі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ тобы ұйымдарының жекешелендіру объектілерін, активтерін сатып алу арқылы ҚР экономикасына инвестициялау қағидаларын бекітті

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ тобы ұйымдарының жекешелендіру объектілерін, активтерін сатып алу арқылы ҚР экономикасына инвестициялау қағидаларын бекіту туралы қаулы қабылдады, деп хабарлады ресми БАҚ.
None
None

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2014 жылғы 27 тамыз, Астана, Үкімет Үйі, № 953

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының еншілес және тәуелді ұйымдары акцияларының пакеттерін бағалы қағаздар нарығына шығару бағдарламасы («Халықтық IPO») шеңберіндегі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын, Қазақстан Республикасының ұлттық басқарушы холдингтерінің, ұлттық компанияларының, ұлттық даму институттарының, Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерінiң облигацияларын және қазақстандық қор биржасында орналастырылатын өзге де бағалы қағаздарды алғашқы орналастыру шеңберіндегі акцияларды қоса алғанда, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының тобы ұйымдарының жекешелендіру объектілерін, активтерін сатып алу арқылы Қазақстан Республикасының экономикасына инвестициялау қағидаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 8-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының еншілес және тәуелді ұйымдары акцияларының пакеттерін бағалы қағаздар нарығына шығару бағдарламасы («Халықтық IPO») шеңберіндегі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын, Қазақстан Республикасының ұлттық басқарушы холдингтерінің, ұлттық компанияларының, ұлттық даму институттарының, Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерінiң облигацияларын және қазақстандық қор биржасында орналастырылатын өзге де бағалы қағаздарды алғашқы орналастыру шеңберіндегі акцияларды қоса алғанда, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының тобы ұйымдарының жекешелендіру объектілерін, активтерін сатып алу арқылы Қазақстан Республикасының экономикасына инвестициялау қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының еншілес және тәуелді ұйымдары акцияларының пакеттерін бағалы қағаздар нарығына шығару бағдарламасы («Халықтық IPO») шеңберіндегі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын, Қазақстан Республикасының ұлттық басқарушы холдингтерінің, ұлттық компанияларының, ұлттық даму институттарының, Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерінiң облигацияларын және қазақстандық қор биржасында орналастырылатын өзге де бағалы қағаздарды алғашқы орналастыру шеңберіндегі акцияларды қоса алғанда, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының тобы ұйымдарының жекешелендіру объектілерін, активтерін сатып алу арқылы Қазақстан Республикасының экономикасына инвестициялау қағидалары мәтіні респбуликалық ресми БАҚ-та жарияланды.

Соңғы жаңалықтар