ҚР Үкіметі техникалық-кәсіптік білімді дамытуға Дүниежүзілік банктен 33 млн.доллар қарыз алды

ТАНА. 18 қараша. ҚазАқпарат /Гүлмира Алякпарова/ - ҚР Үкіметі техникалық-кәсіптік білімді жаңғыртуға Дүниежүзілік банктен 33 млн.АҚШ доллары көлемінде қарыз алды.
None
None

Бүгін Астанада өткен «Кәсіптік білім беру және бизнес: Әріптестер сұхбаты» атты ІІІ Халықаралық форумында журналистерге берген сұхбатында «Қазақстан Республикасында техникалық-кәсіптік білімді дамытуды жаңғырту» жобасын басқару тобының директоры Тимурлан Алтаев мәлім еткендей, жоба үш жылға есептелген. Оның шеңберінде техникалық-кәсіптік білім кадрларының, педагогтардың, өнеркәсіптік білім беру шеберлерінің біліктілігін арттыру мақсатында шетелдік кеңесшілерді шақыру көзделіп отыр.

Онымен бірге, Т.Алтаев, 33 млн. доллардың 22 млн.-ны білім беру қызметінің сапасын арттыру үшін оқу мекемелеріне конкурстық негізде грант ретінде үлестірілетінін айтты.

«Бұл шығындар біздің колледждер мен кәсіптік лицейлерден шығатын түлектердің біліктілігі мен білімін айтарлықтай арттыруға септігін тигізетін болады», - деп түйіндеді ол.

Соңғы жаңалықтар