ҚР Үкіметі жанындағы Дағдарысқа қарсы күрес кеңесінің отырысы болып өтті

АСТАНА. Мамырдың 8-і. ҚазАқпарат – Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен ҚР Үкіметі жанындағы Дағдарысқа қарсы күрес кеңесінің кезекті отырысы болып өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Отырыс барысында экономиканы тұрақтандыру бойынша іс-шараларды іске асыруға байланысты бірқатар мәселелер талқыланды. Кеңестің қатысушылары тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу арқылы мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау қызметтерін реттеуге бағытталған іс-шараларды, сондай-ақ кәсіпкерлікті құқықтық реттеуді жетілдіру, жерді пайдалану туралы заңнамаларды іс жүзінде қолдану мәселелерін, шағын және орта бизнесті дамыту жолындағы әкімшілік кедергілерді жоюдың басқа да бағыттарын талқылады.Сонымен қатар, ҚР Премьер-Министрінің бастамасымен кеңес мүшелері Қазақстан экономикасын әртараптандырудың және дағдарыстан кейінгі дамудың бағыттары мен нақтылы тетіктері бойынша өз ұсыныстарын енгізеді.
Соңғы жаңалықтар