ҚР Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия стратегиялық орган болуы тиіс - Елбасы

АСТАНА. Қыркүйектің 4-і. ҚазАқпарат. /Ернұр Ақанбай/ - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия стратегиялық орган болуы тиіс деп санайды.
None
None

Президент бұл пікірін бүгін Ақордада ғылымды дамыту мәселелеріне арналған кеңесте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Ғылымды басқару жүйесіне қатысушылардың рөлі мен орнын анықтау қажет. Бұл ең алдымен Үкімет жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияға қатысты. Ол стратегиялық орган болуы, ғылыми-техникалық қызметтің басым бағыттарын анықтауы, ғылымға арналған жалпы бюджетті айқындап, оны басым бағыттар арасында бөлуі тиіс», деді Мемлекет басшысы. Осы орайда Президент Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның өкілеттігін «Ғылым туралы» Заңда бекіту қажеттігін атап көрсетті. «Біз қоғамға және экономикаға қажетті идеяларды, білімді, технологиялық серпінді жандандыруға қабілетті ғылыми жүйені құруға тиістіміз. Ғылым мен инновацияны екінші басымдыққа жатқызған  ел бірде-бір салада бірінші бола алмайды», деді Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар