ҚР Үкіметімен бекітілген Шымкент құрылысының бас жоспары қала аумағын 3 есе кеңейтуді қарастырады

ШЫМКЕНТ. 2 қазан. ҚазАқпарат - Қала құрылысының негізгі құжаты алдағы уақытта қала аумағын 3 есе кеңейтуді қарастырады.
None
None

Егер бүгінде қаланың аумағы 39,8 мың гектар жер болса, алдағы уақытта оны 117 мың гектарға дейін кеңейту көзделуде.

Бұл туралы бүгін «Казахстанская правда» газетінде жарық көрген Любовь Добротаның «Город идет на север» атты мақаласында жазылған.

Бас жоспар бойынша Шымкенттің аумағына жалпы халқы 116 938 адамды құрайтын Ордабасы, Сайрам және Төлеби аудандарын қосу жоспарлануда. Қаланы кеңейту екі кезеңге бөлінген: 2015 жылы қалалық аумаққа 103 840 адам тұратын Сайрам ауданының 29 елді мекені кіреді. Екінші кезеңде қалаға тағы да 7 елді мекен қосылатын болады, бүгінгі олардың 2-уі Ордабасы ауданының және 5-уі Төлеби ауданының қарамағында. 3 жылдан кейін Шымкент тұрғындары 1 млн. адамға жетеді деп болжануда.

Сәулетшілердің сөздеріне қарағанда, қалада адам саны тым көп. 2004 жылдың бас жоспары өз күшін жойды, ол 2015 жылға қарай қалада 600 мың адам тұрады деген болжамға лайықталған болатын. Алайда бүгінгі күні облыс орталығында ресми түрде 651 мың тұрғын тіркелген.

Соңғы жаңалықтар