ҚР Үкіметінде аймақтық инвестициялық жобалар мен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жобаларын орындау барысы қаралды
деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.
Оның жұмысына мемлекеттік органдардың, «Самұрық-Қазына» Ұлтық әл-ауқат қоры» АҚ-ның, ұлттық компаниялардың, даму институттарының, облыс әкімдіктерінің басшылары мен елдің жеделдетілген индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы ауқымындағы инвестициялық жобалардың бастамашылары қатысты.
Селекторлық кеңес форматында өткен отырысқа қатысушылар Қазақстанды индустрияландыру картасына енгізу үшін ұсынылған аймақтық инвестициялық жобалар мен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар жобаларының жүзеге асырылу барысы туралы хабарламаны тыңдады.
Жобалар бастамашыларының таныстырылымдары тыңдалды, онда олардың ағымдағы жай-күйі, жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ шешуді қажет ететін проблемалық мәселелер атап өтілді.
Премьер-Министр жауапты басшыларға жобалардың жүзеге асырылу барысын бақылауда ұстауға тапсырма берді.
Бұдан басқа Экономиканы жаңарту мәселелері жөніндегі Мемлекеттік комиссияның мүшелері шағын және орта бизнесті қолдау шаралары бойынша ұсыныстарды қарады.