18:22, 13 Мамыр 2009 | GMT +5
ҚР Үкіметінде Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы ынтымақтастықты тереңдету бойынша іс-қимылдар жоспарын іске асыру мәселелері талқыланды
АСТАНА. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат – Бүгін Астанада ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қазақстанда мемлекеттік сапармен жүрген Оңтүстік Кореяның Президенті Ли Мён Бакпен кездесті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Үкіметі басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Келіссөздер барысында екіжақты сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылдарды кеңейтуді көздейтін Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы ынтымақтастықты тереңдету бойынша іс-қимылдар жоспарын іске асыру мәселелері талқыланды. Келіссөздер аяқталғаннан кейін Кәрім Мәсімов пен Ли Мён Бак қазақстан-корея бизнес форумына қатысты.