ҚР Үкіметінде өткен кеңестің тақырыбы Мемлекет басшысының ірі компаниялардың айналасында шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындауға арналды

АНА. Қыркүйектіің  4-і. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Серік Ахметовтің төрағалығымен Қазақстанды индустриялық-инновациялық дамыту ауқымында шағын және орта бизнесті дамыту мәселері бойынша кеңес өтті,
None
None

деп хабарлайды Үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Кездесуге «Қазақмыс»  «ENRC», «Қазцинк», «Арселор-Миттал» компанияларының және басқа да Қазақстанның ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының басшылары қатысты. Кеңестің басты тақырыбы Мемлекет басшысының ірі компаниялардың айналасында шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындауға арналды

С.Ахметов алға қойылған міндеттерді шешу үшін мемлекеттік органдардың, компаниялардың және бизнес-қоғамдастықтардың күш-жігерін  үйлестіру қажеттігін атап өтті. Ол шағын кәсіпорындарды тауарлар, жұмыстар және қызметтер жеткізуші ретінде ғана емес, негізгі өндірістердің жинақтаушы бұйымдарын өндіруші ретінде де қарау қажет екенін атап  көрсетті. Бұдан басқа шағын кәсіпорындар жағдайында әлемдік нарықта сұранысқа ие кейбір терең өңделетін өнімдер түрі өндірісінің технологияларын пысықтауға мүмкіндіктер бар.

Вице-премьер мемлекеттік органдардың басшыларына  Қазақстанды индустрияландырудың 5 жылдық бағдарламасын жасауда жүйе құраушы кәсіпорындардың тікелей қатысуымен шағын кәсіпорындар құруды мемлекеттік ынталандыру шараларын қарастыруды тапсырды.

Компаниялар басшыларына қазақстандық үлесті арттыру талаптарын ескере отырып, өндірістік үдерістерге шағын және орта бизнес субъектілерін тарту жөніндегі өз бағдарламаларын жасау ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар