17:43, 09 Шілде 2010 | GMT +5
ҚР Үкіметінің басшысы мемлекеттік тілді дамытуды басты назарда ұстауды тапсырды
ОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов мемлекеттік тілді дамытуды басты назарда ұстауды тапсырды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің басшысы Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтына болған кезінде айтты.

«Мен мемлекеттік тілді дамытуға басты назарды аударғым келеді. Қазақстанда қазақ тілін дамыту - бұл өте күрделі мәселе. Қазақстан - тәуелсіз мемлекет, сондықтан бізге мемлекеттік тілді дамыту аса қажет», - деді К.Мәсімов.
Үкімет басшысының пікірінше, «сонымен қатар біз біліммен сусындайтын ұлтаралық қатынас тілі - орыс тілін де ұмытпауымыз керек».
«Сонымен қатар ағылшын тілін де дамыту қажет, өйткені ол - алдыңғы қатарлы технологиялар тілі», - деді К.Мәсімов.