ҚР Үкіметінің басшысы Петропавл әуежайының қайта жөнделу барысымен танысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары кезінде Петропавл әуежайының ұшу-қону жолағы мен жолаушылар терминалының реконструкциялануы барысымен танысты, деп хабарлайды Pm.kz.
None
None

К.Мәсімов облыс әкімі Ерік Сұлтановпен бірге қала әуежайына барды. Облыс әкімінің орынбасары Петропавл халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағы мен жолаушылар терминалының қайта жөнделу барысы туралы баяндады.  

Петропавл әуежайы 1974 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қайта жөндеуден өткен соң әуежай барлық типтегі жолаушылар ұшақтары мен жүк ұшақтарын қабылдайтын болады, бұл тұрақты жолаушылар тасымалының санын арттырып, транизиттік әуе рейстеріне қызмет көрсетуге, жүктерді әуе көлігімен тасымалдау үшін тұрақты бағыттар ашуға мүмкіндік береді.

Еске салайық, Қазақстанның аймақтарын жұмыс сапарымен аралау кезінде ҚР Премьер-Министрі көлік инфрақұрылымын, оның ішінде қалалардың әуе айлақтарында қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуін міндетті түрде тексеріп жүр. Бұдан бұрын ҚР Үкіметінің басшысы Ақтөбе, Қарағанды және Талдықорған қалаларының әуежайларында болған еді.

Соңғы жаңалықтар