ҚР Үкіметінің қаулысымен 2013 жылға арналған ауыл шаруашылығы техникасының кредиттері (лизингі) бойынша сыйақының пайыздық ставкаларын арзандату жөніндегі субсидиялау қағидалары бекітілді

АСТАНА. 19 қазан. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің қаулысымен 2013 жылға арналған ауыл шаруашылығы техникасының кредиттері (лизингі) бойынша сыйақының пайыздық ставкаларын арзандату жөніндегі субсидиялау қағидалары бекітілді.
None
None

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2013 жылғы 17 шілде №730 Астана, Үкімет үйі

ҚР Үкіметінің қаулысымен 2013 жылға арналған ауыл шаруашылығы техникасының кредиттері (лизингі) бойынша сыйақының пайыздық ставкаларын арзандату жөніндегі субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

«2013 - 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2012 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған 2013 жылға арналған ауыл шаруашылығы техникасының кредиттері (лизингі) бойынша сыйақының пайыздық ставкаларын арзандату жөніндегі субсидиялау қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 шілдедегі №730 қаулысымен бекітілген 2013 жылға арналған ауыл шаруашылығы техникасының кредиттері (лизингі) бойынша пайыздық сыйақы ставкаларын арзандату жөніндегі субсидиялау қағидалары республикалық ресми БАҚ-та жарияланды.

Соңғы жаңалықтар