10:34, 27 Қыркүйек 2010 | GMT +5
ҚР Үкіметінің отырысы эксперимент ретінде онлайн режімінде көрсетілуде
СТАНА. Қыркүйектің 27-сі. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Осыдан бірнеше минут бұрын тікелей көрсетіле бастаған және интернет желісі арқылы көруге мүмкіндік жасалған Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысы эксперимент ретінде тікелей таратылуда.
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысы барысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов айтты.
«Біздің барлық отырыстарымызды журналистер, азаматтар тиісті сайттар арқылы көретін болады. Біз бұл турасында бұрынырақ хабарлаған болатынбыз. Өйткені, бұл тәжірибе ретінде, яғни біздің техникалық мүмкіндіктерімізді байқауға жол ашады. Ал содан кейін барлық жұмыстарды қалай қалыптауды қарастырамыз», деді К.Мәсімов.
Айта кетейік, қазақстандықтар мәжілістің көрсетілімін дүйсенбі күні сағат 10.00-да «Қазақстан» телеарнасының порталында - www.kaztrk.kz немесе BNews.kz агенттігінің www.bnews.kz порталында көре алады.