09:00, 15 Ақпан 2011 | GMT +5
ҚР Үкіметінің отырысында еңбекпен қамту-2020 бағдарламасына және тұрғын үй құрылысын қолдау шараларына қатысты мәселелер қаралады
АСТАНА. 15 ақпан. ҚазАқпарат /Қаламқас Әбуова/ - Бүгін елордада Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді, онда еңбекпен қамту-2020 бағдарламасы мен тұрғын үй құрылысын қолдау шараларына қатысты мәселелер қаралатын болады.
Осы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова, Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Болат Жәмішев, Қазақстан Республикасының Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі агенттігінің төрағасы Серік Нокин сөз сөйлейді.