«ҚР ҰҚК Барысы» анықталды
Дүбірлі додаға 17 облыс пен Астана және Алматы, Шымкент қалаларынан 20 және ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылымдық бөлімшелерінен 4 құрама команда қатысты.
-Сыр елінде алғаш рет Қызылорда облысы әкімдігінің және ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің ұйымдастыруымен өткен спорт додасы жоғары дәрежеде өтті. Командалар мықты палуандардан жасақталған. Сәйкесінше, 175 спортшы бақтарын сынап, тартысты дода болды,- деді Асылжан Зулфқарұлы.
- Екі күнге созылған турнирдің алғашқы күнінде командалық жарысқа 65,70,75 келі салмақта және екінші күні 90, +90 келі салмақ дәрежелері бойынша мықтылар анықталды. Нәтижесінде командалық жарыста Астана құрамасы, ал 90 килограм салмақ дәрежесінде І орынды Қайыр Мұхамедия еншілесе ,+ 90 келі салмақ бойынша қазақ күресінен екі дүркін әлем чемпионы, қызылордалық Ғалымжан Әбдрахманов І орынды иеленді,-деді бас төреші Ғалым Серікұлы.
Айта кетейік, жеңімпаздарға диплом, медальмен қатар ақшалай сыйлықтар табысталды.