ҚР ҰҚК «Головлев-Кабдушев» қылмыстық тобының әрекетіне қатысты жағдайды түсіндірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Степногорск қалалық соты Ақмола облысының аумағында жарылғыш заттарды заңсыз сатумен айналысқан қылмыстық топ мүшелеріне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмысты ұйымдастырған О.Головлёв пен Н.Кабдушев ҚР Қылмыстық Кодексі 24-ші бабының 3-ші тармағы және 287-ші бабының 3-тармағымен көзделген қылмыстар (қару-жарақ, оқ-дәрі жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, сату, сақтау, тасымалдау және өзімен алып жүру) бойынша айыпты деп танылып, 3 жыл 2 айға бас бостандығынан айыру жөнінде үкім шықты.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың 20 қарашасында Ақмола облысы бойынша ҰҚК Департаментінің қызметкерлері «Қазақалтын тау-кен металлургиялық концерні» акционерлік қоғамының бөлімшелерінен, әрі қарай сатып пайда табу мақсатында жарылғыш заттарды ұрлауға қатысы бар деген күдікпен «Головлёв-Кабдушев» қылмыстық тобының мүшелерін ұстаған болатын.

Бұлар 2019 жылдың қазан-қараша айларында салмағы 52 кг «Петроген-П» жарылғыш заты мен 60 дана «Искра-Ш», «Коршун-М ДИН-Ш» электрсіз жарғыш құралдарын сатқан.

О.Головлёв пен Н.Кабдушевтің тұрғылықты мекендерін тінту барысында тағы да 100 килограмнан астам «Петроген-П», 7,5 килограмнан астам «Аммонит» жарылғыш заттары, сондай-ақ 382 дана капсюль-детонаторлар мен толқынды-соққы түтікшелерінің кесінділері табылған.


Соңғы жаңалықтар
telegram