ҚР ҰҚК Маңғыстау облыстық департаментінде басшы ауысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұйрығымен ағымдағы жылы 12 ақпанда ҚР ҰҚК Маңғыстау облыстық департаментінің басшысы болып ҰҚО генерал-майоры Ерлік Тайжанов тағайындалды. Бұл туралы Лада.кз хабарлады.
None
None

Солтүстік Қазақстан облысы Пресновский ауданының «Украиндық» кеңшарында дүниеге келген. Қарағанды Жоғары милиция мектебінің тергеу факультетін бітірген (1984), тергеуші-криминалист. Заң ғылымдарының кандидаты (2004). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «ҚР кеден саласындағы ҰҚБ жедел іздестіру қызметі».

1977 жылдан - СҚО «Благовещенск» кеңшарында механизатор. 1984 жылдан - КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік органдарында әскери қызметте, Қызылорда облысы бойынша МҚКБ жедел және тергеу бөлімшелерінде қызметте. 1993 жылдан - СҚО бойынша ҚР ҰҚК ҰҚКД Кадрлар басқармасында басшылық қызметте. 2001-2009 жылдары - Астана қаласы бойынша ҚР ҰҚКД бастығы. Құқық қорғау органдары үйлестіру кеңесінің, Астана қаласының әлеуметтік-профилактикалық тәртіп бұзушылықтардың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес кеңесінің мүшесі. ҚР каратэ-до федерациясының құрметті президенті (Астана, 2005). «КСРО Қарулы Күштеріне 70 жыл» (1988), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін» (2002), «Мінсіз қызметі үшін» (2002), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен марапатталған. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Құрметті қызметкері (2004).

Соңғы жаңалықтар