ҚР ҰҚК мұрағаттық құжаттары ҚР ІІМ-не сақтауға қабылданды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік органдарынан ішкі істер органдарының арнайы мемлекеттік мұрағатына 176 мыңнан астам бірлік мұрағаттық құжаттары сақтауға қабылданды, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметінен.

ҚР ҰҚК мұрағаттық құжаттары ҚР ІІМ-не сақтауға қабылданды

«Атап айтқанда, ақтауға жатпайтын адамдардың мұрағаттық қылмыстық істері; қуғын-сүргінге ұшыраған, сот органдары ақтаған тұлғаларға қатысты мұрағаттық қылмыстық істер; Германияда әскери тұтқында болған және өз еліне қайта оралған бұрынғы КСРО азаматтарына қатысты сүзгіден өтетін және олжалық материалдар берілді», делінген таратылған хабарламада.

Ақтауға жатпайтын адамдарға қылмыстық істер олардың қылмыс жасағанын жеткілікті айғақтайтын құжаттардан: Отанды сатудың барлық формалары; жай халық пен әскери тұтқындарға қатысты күштеу әрекеттерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы кезiнде осындай әрекеттер жасауына басқыншылар мен Отанын сатқандарға деп берушiлiк, қарулы бандыларды ұйымдастыру және олар жасаған кiсi өлтiрулерге, басқа күштеу әрекеттерiне қатысудан тұратыны айтылған.

Сот органдары ақтаған қуғын-сүргiнге ұшыраған азаматтарға қатысты қылмыстық істер - сотталған және ақырында ақталған азаматтардың істері, сондай-ақ тергеу барысында айыптың дәлелденбегендігінен тоқтатылған істер.

Германияда әскери тұтқында болған және өз еліне қайта оралған бұрынғы КСРО азаматтарына қатысты сүзгіден өтетін және олжалық материалдарды - бұл Ұлы Отан Соғысы кезінде тұтқынға алынған және концлагерлердегі болған кеңес сарбаздарының істері.