ҚР ҰҚК-нің қаза тапқан қызметкерлерінің тізімі жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР ҰҚК-нің қаза тапқан қызметкерлерінің тізімі жарияланды

«ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті қаңтар айындағы оқиғалар салдарынан қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің отбасыларына, туған-туысқандары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтады», - делінген комитет сайтында.

Қаза тапқан қызметкерлердің тізімі:

1. ҚР ҰҚК Шекара академиясының кафедра бастығы Андрей Кабдинов;

2. Жамбыл облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті Терроризмге қарсы орталық бөлімінің бастығы Дастан Әділбай;

3. ҚР ҰҚК Шекара академиясының аға офицері Жандос Жағалбаев;

4. ӘҚББ кіші жедел уәкілі Әділ Нүркенов;

5. ҚР ҰҚК Шекара академиясының курсанты Жайық Әділқан;

6. ҚР ҰҚК Шекара академиясының курсанты Мейірхан Бітім;

7. ҚР ҰҚК Шекара академиясының курсанты Дәулет Жұпарбеков.