ҚР ҰҚК төрағасының орынбасарлары Марат Өсіпов пен Дәулет Ерғожин қызметтерінен босатылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасарлары Марат Өсіповті және Дәулет Ерғожинді қызметтерінен босатты. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысының өкімдерімен:

Марат Сапарұлы Өсіпов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды;

Дәулет Еділұлы Ерғожин Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.


Соңғы жаңалықтар