ҚР Ұлттық банкі ақша нарығында жүргізілген операциялар туралы мәліметтерді күн сайын жарияламақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылдың 1 сәуірінен еліміздің Ұлттық банкі өзінің ресми сайтында ақша нарығында жүргізілген операциялар туралы мәліметтерді күн сайын жариялап отырады. Бұл туралы бүгін «Корпоративтік басқару: Қазақстанның инвестициялық тартымдылығына жаңа көзқарастар» атты ұлттық форум барысында ҚР Ұлтық банкі төрағасы Данияр Ақышев мәлім етті.
None
None

«Ұлттық банк ақша-несие саясатын табысты жүзеге асыру аясында жүргізілетін операциядар мен ақша-несие саясатының транспаренттілігін арттыруға бағытталған бірқатар шараны жүзеге асыруды жоспарлауда. 1 сәуірден Ұлттық банк валюта нарығындағы интервенция көлемін ай сайын жариялап отыратын болады», - деді ол.

Д.Ақышевтің сөзіне қарағанда, мұндай ақпарат Ұлттық банктің ресми сайтында жария етіледі. Мұнан бөлек, 1 сәуірден бастап банк ақша нарығында жүргізілген операциялар туралы мәліметтерді күн сайын жариялап отыруды қолға алады.

Соңғы жаңалықтар