ҚР Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 10,25% деңгейінде сақтап қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкі базалық мөлшерлемесін +/-1% валюталық дәлізімен 10,25% деңгейінде сақтап қалуға шешім қабылдады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Реттеуші пікірінше, жылдық құнсызданудың нақты және болжалды деңгейі 2017 және 2018 жылдардағы мақсатты дәліздің ішінде тұр. Инфляциялық болжалдар тұрақты деңгейде қалыптасқан. Сыртқы сектор тарапынан инфляция ықпалы қолайлы деп бағаланып, ақша-кредит жағдайы бейтарап деңгейінде сақиалған. Алайда, ұсыныстар ықпалы тарапынан инфляция қатері, сондай-ақ, валюта нарығындағы құбылмалылықтың артуы ағымдағы жылдың соңына дейін базалық мөлшерлеме әлеуетінің төмендеуін шектейді.
Ұлттық банк қыркүйек айында жылдық көрсеткіштегі инфляция деңгейі 7,1%, айлық көрсеткіш 0,3% болғанын еске сала кетті.