ҚР Ұлттық банкі: Екінші деңгейлі банктер депозит көлемін өздері анықтағандары дұрыс

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат ҚР Ұлттық банкі екінші деңгейлі банктер жеке тұлғалардың депозиттері бойынша ставка көлемін өздері анықтауы қажет деп есептейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Депозиттерге кепілдік беру қорының ставкасы максималды деңгейді. Сондықтан, бескелестік жағдайында әр банк халықтан ресурс тарту саясатын өзіне ыңғайлы жағдайды құруы тиіс. Сонымен қатар, өзі барып отырған тәуекелдер бағамының жағдайында ставканы өз бетінше белгілеуі тиіс. Біз тек жоғарғы көрсеткішті ғана белгіледік», - деді Д.Ақышев.

Оның айтуынша, қаржы нарығындағы үдерістер бойынша, жылдық мөлшерлер бойынша ставка 11-12 пайыз көлемінде құрылып отыр.
«Тұрғындар депозиті бойынша ұлттық теңгемен ставкалар тартуды жалғастырып отырған банктер өзінің тиімділігін (рентабельділігін) қамтамасыз ету жұмысында сол ақшаны сол ставкмен таратуда қиындықтарға ұрынатын болады. Сондықтан, меніңше, бұл үдеріс жалғасып, банктер ставкаларды төмендету бойынша шешімге әкімшіліктің араласуынсыз өз еркімен келетін болады», - деді Ақышев.

Соңғы жаңалықтар