ҚР Ұлттық банкі ескі 10 мың теңгелік банкноттардың айналымда болу мерзімін белгіледі

АСТАНА. 17 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының № 107 қаулысымен  2006 жылғы үлгідегі және 2012 жылғы үлгідегі номиналы 10 000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңі белгіленді.
None
None

Алматы қ.,  2012 жылғы 26 наурыз

2006 жылғы үлгідегі және 2012 жылғы үлгідегі номиналы 10 000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңін белгілеу туралы  

«Қазақстан Республикасының Ұлт­тық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Заңына сәйкес және ұлттық валюта ақша белгілерінің дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды айналыстан алу жөнінде оңтайлы жұ­мыс­қа қол жеткізу мақсатында Қа­зақ­стан Республикасы Ұлттық Банкі­нің Басқармасы қаулы етеді:

1. 2006 жылғы үлгідегі (бұдан әрі - ескі үлгідегі ақша белгісі) және 2012 жылғы үлгідегі (бұдан әрі - жаңа үлгідегі ақша белгісі) номиналы 10 000 теңгелік банкноттардың қа­­тар айналыста болу кезеңі - 2012 жылғы 10 сәуірден бастап 2014 жыл­ғы 10 сәуір аралығы болып белгіленсін.

2. Ескі және жаңа үлгілердегі ақша белгілерінің қатар айналыста болу кезеңінде:

1) екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар:

ескі және жаңа үлгілердегі ақша белгілерін жеке және заңды тұлға­лар­ға өз кассаларынан, сондай-ақ бан­ко­­­мат­­­тар арқылы беруді жүзеге асырады;

операциялық кассаға келіп түс­­­­кен ескі және жаңа үлгілердегі ақша белгілерін Қазақстан Республика­сы­ның Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнде және банк операцияларының жекелеген түрле­рiн жүзеге асыратын ұйымдарда касса операцияларын және банкноталарды, монеталарды және құнды­лық­тар­­ды инкассациялау операцияларын жүр­гiзу ережесiн бекiту туралы» 2001 жыл­ғы 3 наурыздағы № 58 қаулы­сына (Нормативтік құқықтық акті­лерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1482 тіркелген) сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұ­дан әрі - Ұлттық Банк) филиалдарына тапсырады;

2) Ұлттық Банктің филиалдары:

ескі және жаңа үлгілердегі ақша белгілерін жеке және заңды тұл­ға­лар­ға айналым кассаларынан беруді жүзеге асырады;

заңды тұлғалардан ескі және жаңа үлгілердегі ақша белгілерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Рес­публикасы Ұлттық Банкінің филиалдарында жеке және заңды тұлға­лар­мен кассалық операциялар жүр­гі­зу ережесін бекіту туралы» 2003 жыл­ғы 26 желтоқсандағы № 467 қау­лысына (Нормативтік құқықтық акті­лерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2685 тіркелген) сәйкес кейіннен екінші деңгейдегі банктердің тиісті корреспонденттік шоттарына қолма-қол емес баламасын аудара отырып шектеусіз қабылдайды.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жа­рияланған күнінен кейін күнтіз­белік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Соңғы жаңалықтар