ҚР Ұлттық банкі «Қазақстан халқының ертегілері» сериясынан жаңа монеталарды айналымға шығарды

АЛМАТЫ. 13 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Ұлттық банкі «Қазақстан халқының ертегілері» монеталар сериясынан номиналы 500 теңгелік «рroоf», сапалы күмістен және нейзильбер қоспасынан номиналы 50 теңгелік «Шурале» ескерткіш монеталарын айналысқа шығарғанын жариялады. Монеталардың бет және сырт жақтарындағы бейнелер бірдей. «Рroof» сапалы күміс монетадағы бейне жылтыр бетке салынған.
None
None
Монеталардың бет жағындағы орталық бөлігінде ою-өрнек аясында Қазақстан Республикасының Елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін сан және «ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Сол және оң жағында бір-біріне қарама-қарсы ұлттық өрнектің элементі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік және орыс тілінде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» деген жазу бар. Жазулар нүктелермен бөлінген. Сырт жағының орталық бөлігінде Шурале ертегісінің кейіпкерлері, соғылған жылын білдіретін «2013» деген сан және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бейнеленген. Жоғарғы бөлікте «ШУРАЛЕ» деген жазу бар. 500 теңгелік монета 925 сынамды күмістен дайындалған, салмағы - 31,1 грамм, диаметрі - 38,61 мм, дайындау сапасы - «proof», таралымы - 4 мың дана. Ал 50 теңгелік монета «нейзильбер» қоспасынан жасалған, диаметрі - 31 мм, салмағы - 11,17 грамм, таралымы - 100 мың дана.
Соңғы жаңалықтар