ҚР Ұлттық банкі қазақстандық үздік банкноттар мен монеталар байқауын жариялады

«ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Ұлттық банк қазақстандық банкноттар мен монеталардың үздік бейнесі бойынша 7 және 14 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер арасында байқау жариялайды. Ондағы мақсат - қазақстандық балалар мен жасөспірімдердің қаржылық сауаттылығын арттыру. Балалар бұл байқауға қатыса отырып, ақша мен монеталардың тарихы, оларды дайындау жолдары, нумизматика, қазақстандық және әлемдік валюталардың ерекшеліктері бойынша білімдерін толықтыра алады», - деді Д. Ғалиева.
Айта кетелік, байқау аясында ҚР Ұлттық банкінің қызметкерлері теңге мен тиынның тарихы, дайындау үдерістері жайында балалар мен жасөспірімдер арасында дәрістер оқитын болады. Байқаудың шарттары мен талаптары жайында қосымша ақпарат таяу уақытта ҚР Ұлттық банкінің интернет-порталында жарияланады.