ҚР Ұлттық банкі «Құлақты жұмырбас кесіртке» атты номиналы 500 теңгелік ақша шығарды

АСТАНА. Қыркүйектің 20-сы. ҚазАқпарат - Монетаның нысаны сопақша. Монетаның бет жағында (аверсінде) ортада монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Номиналдың астында монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 24g" деген жазу, монетаның соғылған жылын білдіретін «2010» деген сан және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі жазылған. Жоғарғы бөлігінде айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу бар. Монетаның төменгі бөлігінде көбелектің стильдендірілген контурлы суреті және өсімдіктер композициясы бейнеленген.
None
None

Монетаның сырт жағында (реверсінде) ортада шағыл құмында екі құлақты жұмырбас кесіртке бейнеленіп, біреуі алтын жалатып орындалған. Жоғарғы бөлігінде бұлт кескінделген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚҰЛАҚТЫ ЖҰМЫРБАС КЕСІРТКЕ» және латын тілінде «PHRYNOCEPHALUS MYSTASEUS"- түрдің атауы жазылған.

Қыры (гурт) бедерлі.

Монета 925 сынамды күмістен, массасы - 24 грамм, сопақтығы 38,61 х 28,81 мм., «proof" сапасымен дайындалған, таралымы - 4 мың дана.

Соңғы жаңалықтар