19:41, 24 Маусым 2010 | GMT +5
ҚР Ұлттық банкі төрағасы «Тұран» университетінің «экономика» мамандығы бойынша құрметті профессоры атағына ие болды
АЛМАТЫ. Маусымның 24-і. ҚазАқпарат /Данияр Сихымбаев/ - Бүгін Алматыдағы Тұран университетінде ҚР Ұлтық банк төрағасы Григорий Марченко студенттермен кездесу өткізді.

Белгілі банкир теңгенің тиімді шынайы бағамы, 2008-2010 жылдардағы жылдық инфляция, қаржы агрегаттарының өсімі, банктің өтімділігі, несие рыногы, банктің активтері мен пассивтері секілді көкейкесті мәселелер талқыға салынған «Ұлттық банкінің 2009 жылғы жұмысының қорытындылары» тақырыбында дәріс оқыды.
Дәрістен кейін Ұлттық банк төрағасы «экономика» мамандығының студенттері мен түлектерінің сұрақтарына толыққанды жауап қайтарды. Университет ректоры Рахман Алшанов Г.Марченкоға диплом табыс етіп, салтанатты жағдайда профессор мантиясын кигізді. Еліміздің бас банкирі «Тұран» университетінің «экономика» мамандығы бойынша құрметті профессоры атағына ие болды