ҚР Ұлттық банкі жеке кәсіпкерлік субъектілерінің сараптама кеңесіне қатысуы үшін аккредиттеу жүргізеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкі жеке кәсіпкерлік субъектілеріне банк жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Сараптама кеңесіне қатысуы үшін аккредиттеу жүргізеді.
None
None

«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 мамырдағы № 477 Қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Сараптама кеңесіне қатысу үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне аккредиттеу жүргізу туралы хабарлайды», делінген банк сайтында жарияланған хабарламада. Аккредиттеуді алу үшін өтініш беруші ұсынуы тиіс құжаттар ҚР Ұлттық банкінің ресми сайтында көрсетілген. Аккредиттеуді алу үшін құжаттар пакеті 2015 жылғы 31 шілдеге дейінгі мерзімде қабылданады.

Соңғы жаңалықтар