ҚР Ұлттық кітапханасында Ақпараттық даму орталығы ашылды
Осының жарқын бір үлгісі - біздің орталық, деді бейсенбі күні Алматыда Ақпараттық даму орталығының ашылу рәсімінде Қазақстан Республикасының Айрықша тапсырмалар жөніндегі елшісі Ақмарал Арыстанбекова.
Бұл орталық ҚР Ұлттық кітапханасының Дүниежүзілік банк, Орталық Азиядағы аймақтық экономикалық ынтымақтастық департаменті, Еуразия даму банкі, Ислам даму банкі, Біріккен Ұлттар Ұйымы сияқты халықаралық ұйымдармен серіктестігі нәтижесінде құрылды. Ақпараттық даму орталығының міндеті - Қазақстанда тіркелген халықаралық ұйымдардың озық тәжірибелері мен жинақтаған білімдерін барша жұртшылыққа кеңінен тарату. Орталық даму саласындағы ақпараттарға ашық және ақысыз қол жеткізуге мүмкіндік береді және барлық мүдделі тұлғаларға қазіргі заманғы үнемі жаңартылып тұратын ресурстарды, халықаралық ұйымдардың озық білімдері мен тәжірибелерін пайдалануды ұсынады.