ҚР Ұлттық ұланының әскери бөлімі Мемлекеттік рәміздер күнін салтанатпен атап өтті
«Батыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, мемлекеттік Әнұран орындалып, материалдық-техникалық қамтамасыз ету ротасының командирі, аға лейтенант Жандос Доспанов Ту көтеру құрметіне ие болды.
ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшысының бірінші орынбасары - штаб бастығы, полковник Асхат Омаров әскери қызметкерлерді мерекемен құттықтап, Мемлекеттік рәміздер күнінің барлық бөлімдерде салтанатпен аталып өтілетінін айтты. Патриоттық сипаттағы, жас ұрпақты отаншылдыққа баулу бағытындағы түрлі шаралар ұйымдастырылуда.
Орал қаласы әкімінің орынбасары Марс Сатыбалдиев мемлекеттік рәміздерді құрметтеудің маңызы зор, олардың бәрі ұлттық мақтаныш екенін атап көрсетті. Қолбасшылықтың тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар басқармасының бастығы, подполковник Әлішер Әбдірасыл өз баяндамасында мемлекеттік рәміздердің мән-маңызына, өмірде алатын орнына тоқталды.
Шара әскери қызметкерлердің салтанатты шеруіне ұласты.