ҚР-ында оралмандарды оқыту мен бейімдеудің тиімді жүйесі қалыптасуда - Шымкенттегі семинардың қорытындылары

Оны ҚР Білім және ғылым министрлігі және Дүиежүзі қазақтары қауымдастығы ұйымдастырды.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің осы мәселе жөніндегі жұмыс комиссиясы төрағасының орынбасары Тілдаш Битуованың түсіндіруінше, семинардың мақсаты «шетелдерде тұратын отандастарымызға сапалы білім ұсыну проблемаларын жан-жақты талқылау» болды. Бүгінде еліміздің 12 жоғары оқу орнында тарихи отанында білім алу үшін басқа елдерден келген қазақтар үшін даярлық курстары жұмыс істейді. Бұл оқу орындарының арасында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті бар. Бұл курстарда жоғары оқу орындарына түсуге даярлау нәтижелері жаман емес. 60 пайыздан астам тыңдаушылар университеттерге түсуде. Дегенмен бұл мәселелерде проблемалар да жоқ емес, деп санайды кездесуге қатысушылар.
«Семинарда өте пайдалы бастамалар да айтылды. Бұл оқу орындарының өкілдері бөтен елге келген балалар таныс емес ортада 1-3 адамнан топтасады. Сондықтан да көпшілігі бейімделу қиыншылықтарына төзе алмай, оқуларын тастап кетеді. Сондықтан да қатысушылар бұл балалардан неғұрлым ірі топтар құруды ұсынады, сонда олар бір біріне қолдау-көмек көрсете алар еді, деген пікір айтады» - деді Т.Битуова. Ол Қазақстанда шетелдерден келген этникалық қазақтарды оқыту жүйесін жасау жөніндегі міндетті ҚР Президенті, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев 2011 жылы 25 мамырда өткен қазақтардың төртінші құрылтайында алға қойғанын еске салып өтті.
«Сонда 40-тан астам елден келген өкілдер тарыдай шашылып, әлемнің ір жерінде тұрып жатқан көптеген қазақ отбасылары олардың балалары тарихи отанында білім алуларын қалайтынын айтқан болатын. Біреулерге мұны қартайған әжелері аманат еткен, енді біреулерінің өздері тамырынан ажырамай, диаспораның ана тілін білуін қолдауға ұмтылады», - деді Тілдаш Рысқұлбекқызы. «Алайда Қытайдан, Моңғолиядан, Ресейден, Өзбекстаннан жастар ұдайы келіп тұрса, еуропалық елдер үшін бұл мәселе әзірге қиындау болып тұр», - деп атап өтті ол. Бұл жерде бірнеше фактор рөл атқарады соның ішінде тілдік ала-құлалық. «Сондықтан да қазір біз бұл балалар үшін оқу жоспарларын қайта жасаудамыз - бұл бір. Екіншіден, қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде оқулықтар, әдістемелік құралдар және басқа да материалдарды әзірлеу жұмыстары басталды. Тағы бір нұсқа - латиницамен жазылған материалдарды қазақ тілінде мазмұндау», - деді Т.Битуова.
Бұдан басқа жұмыс тобы Францияда Абай институтын ашуға негіз қалауды жоспарлауда. «Бұл Еуродада және әлемде кеңінен танымал Гете және Конфуций институттары сияқты болмақ. Әрине, әуелі шағын топ болмақ, бірақ та біз мұны міндетті түрде байқап көреміз», деді ол, және бұл шара еуропалық елдерде тұратын қазақтарды біріктіруге септесетінін айтты.
«Еркін Университет» американ-қазақ жоғары оқу орнының өкілдері тағы бір қызықты бастаманы ортаға салды. Оның ұжымы Еуропа елдеріндегі қазақтарды оқытатын бағдарлама жасаған. «Семинар өте пайдалы және сындарлы жағдайда өткенін атап өткім келеді», деп бағалады семинар жұмысын Т.Битуова.
Семинардың жұмысына ҚР Президенті Әкімшілігінің, ҚР ІІМ Көші-қон комитетінің өкілдері, Моңғолияның, Қытайдың, Өзбекстанның, Ресейдің, Тәжікстанның, Қырғызстанның, Қарақалпақстанның қазақ мәдени орталықтарының басшылары, республика жоғары оқу орындары мен колледждерінің, Оңтүстік Қазақстан облысы мен қаласы әкімдіктерінің өкілдері қатысты.