ҚР жаһандық бастамалары аясында «Қазақстандық даму жолы»

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қазір әлемдегі жағдай аса жылдамдықпен өзгеруде және болып жатқан оқиғалар - жаһандық экономикалық құлдырау, мемлекетаралық қайшылықтар, этникаралық және конфессияаралық қатынастардың ушығуы ғаламшар тұрғындарының жүрегіне ертеңгі күнге деген сенімсіздікті ұялатады. Жер шары күнделікті еш жазығы жоқ жандардың төгілген қаны мен олардың қайғысынан теңселіп тұрғандай.
None
None

Бүгінгі әлемге көз жүгіртсең, шынымен де ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегендігі мен кемелдігін түсінесің. Қазіргі орын алып жатқан үдерістерді ол 2014 жылы қарашада өзінің «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтқан болатын: «Мен өзімнің тәжірибемнен алдын ала сезіп отырғанымдай, таяудағы жылдар жаһандық сынақтардың уақыты болады. Әлемнің бүкіл архитектурасы өзгереді. Барлық елдер осы күрделі кезеңнен лайықты өте алмайды. Бұл шептен тек мықты мемлекеттер, жұдырықтай жұмылған халықтар ғана өтетін болады».

Осы жылы, айлар, тіпті әр күндері әлемнің халықаралық қауіпсіздік жүйесінде, сәулетінде түбегейлі өзгерістер орын алуда. Болып жатқан жағдайлар жаһандық лаңкестік алдында адамзаттың уақыт күттірмей бірігуін талап етуде. «2015 жылғы жаһандық лаңкестік рейтингісінің деректеріне сүйенсек, ұйымдастырылған қарулы қақығыстар салдарынан әлемде лаңкестік құрбандарының саны 2013 жылмен салыстырғанда, 2014 жылы 80 пайызға артқан. Өткен жылы 162 елде 32 658 адам лаңкестік құрбанынан айналды, бұл 2000 жылмен салыстырғанда, 9 есе көп. Бұл ретте лаңкестіктің белгілерін ғана емес, сонымен бірге себептерін де түбегейлі жоюды көздейтін халықаралық ауқымда жүйелі, үйлестірілген шаралар қабылдау қажет».

Қазіргі уақытта әлемдік қоғамдастыққа нақты іс-әрекеттер алгоритмін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынды. Атап айтқанда, осы жылғы қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясының жалпы пікірсайысында Елбасы БҰҰ аясында халықаралық терроризмге қарсы іс-әрекеттің бірыңғай әлемдік желісін құруды ұсынды. «Бұл міндетті іске асыру үшін БҰҰ терроризммен күрес жөніндегі жалпыға бірдей құжатын әзірлеп, қабылдауы қажет», - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Н. Назарбаев соғыс, қақтығыс, терроризм себептеріне алдымен баса назар аударады және әлемге барлық ұлттардың әлемдік инфрақұрылымға, ресурстарға, нарықтарға қолжетімдігінің әділ жағдайлары, сондай-ақ адамзат дамуына жалпыға бірдей жауапкершілік негізінде жаңа даму трендін беруді ұсынды. «Адамзат соғыстың, қақтығыстың алдын алу, салдарын еңсеру сияқты мазмұны ескірген әрекеттерден оларды мәнсіз ететін жаңа даму стратегиясына көшуі тиіс», - деп атап өтті ҚР Президенті.

Қазақстандық көшбасшы БҰҰ Экономикалық және Әлеуметтік кеңесін Жаһандық Даму Кеңесіне қайта құру (жаһандық экономикалық реттеуіштердің шынайы функцияларын бере отырып), Дүниежүзілік дағдарыс жоспарын пысықтау, ұлтүсті әлемдік валюта әзірлеу, Жаһандық ядроға қарсы қозғалыс құру, БҰҰ рөлін әмбебап ұйымдар ретінде нығайту бастамасын ұсынды.

«Әлемдік күн тәртібінің өзекті мәселелері - терроризм, мемлекеттердің бүлінуі, көші-қон және басқа да келеңсіз құбылыстар экономикалық дағдарыстың, кедейшілік, сауатсыздық, жұмыссыздықтың салдары болуда», - деп атап өтті Н. Назарбаев.

Жоғарыда айтылған барлық ұсыныстар бейбітшілікті қалайтын Қазақстанның алдыңғы бастамалары (ядролық қарудан ерікті түрде бас тарту, экономикалық интеграция және еркін сауда аймағын құру идеясы, әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездерін өткізу, G-global алаңындағы коммуникация, БҰҰ бітімгерлік қорын құру, ескертпелі дипломатияны нығайту және т.б. ) сияқты аса өзекті.

Мысалы, қытайлық сарапшылар БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық 70-ші сессиясына ҚР Президентінің сөйлеген сөзін егжей-тегжейлі зерделеу қажеттілігін атап өтеді. «Президенттеріңіз өте негізді, мазмұнды әрі салмақты сөз айтты. Оның астарында Н. Назарбаевтың жаһандық үрдістерді жылжытуға, нығайтуға деген еркіндігі мен батылдығы айқын сезіледі. Ол қазіргі әлем көрінісін айнытпай бейнелеп, жекелеген өңірлерде болып жатқан соғыс пен қақтығыстарды - «шиеленіскен түйінді» шешуге бағытталған шынайы сенімін жеткізді. (...) Баяндаманы тереңнен зерделеу қажет, бұл әлем қоғамдастығы тарапынан оң қолдауға ие болады деген сенімдемін», - деді ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында Қытай халықаралық зерттеу қорының ғылыми қызметкері және ҚХР СІМ жанындағы Азия және Африка Даму және алмасу кеңесінің мүшесі, Қырғызстандағы, Латвиядағы, Қазақстандағы, Украинадағы бұрынғы Қытай елшісі Яо Пэйшэн.

Оның пікірінше, халықаралық қоғамдастық толықтай іске асыруға болатын бұл бастамаларды назарға алуы тиіс - 1992 жылы Н. Назарбаев БҰҰ Бас Ассамблеясының мінберінен 10 жыл өткен соң жүзеге асқан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесін (АӨІСШК) шақыру бастамасын ұсынды. Қазіргі уақытта АӨСШК-ті одан әрі институцияландыру үрдісі жүріп жатыр», - деді ол.

ҚР-ның барлық өңірлік және жаһандық бастамалары белсенді және жасампаз әлеуметтік-экономикалық саясатпен үйлестірілген, әлемдік қоғамдастықтың «Қазақстандық даму жолын» танымауы мүмкін емес. Тәуелсіздік жылдары біздің көп ұлтты, көпконфессиялық ел үйлесімділік пен тұрақтылықтың үлгісіне айналды.

Республика халқының қоғамдық келісімі мен толеранттылығын шетелдіктер Қазақстанның гүлденуінің негізгі факторы деп санайды және қазақстандықтар тәжірибесін халықаралық ауқымда зерделеуді ұсынады.

Атап айтқанда, ҚХР Мемкеңесі жанындағы Даму зерттеу орталығы жанындағы Еуропа мен Азия Әлеуметтік даму институты директорының орынбасары Чжао Чанцин халықаралық пооблемаларды шешуде шетелдермен өз тәжірибесін алмасу арқылы Қазақстан халқы Ассамблеясы ықпал ете алатынын атап өтті.

«Ұлттық мәселе өте күрделі болып табылады, бұл түрлі елдерде өткір мәселеге айналды. ҚР үшін 130-дан астам ұлт өкілдері мекен ететін Қазақстан халқы Ассамблеясы мәнінің бағасы өте жоғары. Бұл басқа шетелдерде сирек кездесетін аса маңызды мемлекеттік буын. ҚХА жұмысы табысты іске асуда, ол Қазақстанның жарқын болашағына деген сенімді күшейтеді. Мен ҚХА рөлі жылдан-жылға арта түсетініне сенімдімін», - деді ол осы жылы қыркүйекте Бейжіңде өткен «Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы: қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің қазақстандық үлгісі» дөңгелек үстелі барысында.

ҚХР-дағы Әзербайжан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі (бұрынғы ҚР-дағы ӘР Елшісі) Латиф Гандиловтің сөзі де осыған үндес. «Ұлтаралық қатынастар саласындағы Қазақстанда 20 жыл ішінде жинақталған бірегей тәжірибе. Барлық мемлекеттер, әсіресе көп ұлтты елдер мұны тереңнен зерделеуі тиіс. Бұл олар үшін өте пайдалы болмақ», - деп атап өтті дипломат.

Тарих көрсеткендей, Қазақстанның жаһандық идеялары мен бастамалары ғаламшар өкілдерінің жүректері мен саналарынан орын тауып, біртіндеп іске асу үстінде. Алайда, әлемдегі соңғы оқиғалар осы жылы қыркүйекте БҰҰ мінберінде Н. Назарбаевтың БҰҰ аясында халықаралық терроризмге қарсы іс-әрекеттің брыңғай әлемдік желісін құру ұсынысын халықаралық қоғамдастық жоспарлы негізде емес, шұғыл іске асыру қажеттігін меңзейді.

Соңғы жаңалықтар