ҚР және ФРГ Президенттері Қазақстан өнер шеберлерінің концертін тамашалайды

БЕРЛИН. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Айгүл Түлекбаева/ - Германиядағы Қазақстан жылы өнер шеберлерінің мерекелік концертімен салтанатты түрде ашылады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Берлин драма театрында өтетін концертті ГФР Президенті Хорст Кёлер мен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тамашалайды. Берлинге барлығы екі жүзден астам қазақстандық өнер шеберлері келді. Олардың арасында әйгілі сахна шебері Әлібек Дінішев, «әлем әртісі», скрипкашы Айман Мұсақожаева, опера әншілері Жанат Бақтай, Майра Мұхамедқызы және басқалар бар. Неміс көрермендері классикалық туындылармен қатар Нұрғиса Тілендиевтің «Әлқисса», Құрманғазының «Сарыарқа», Латиф Хамидидің «Бұлбұл» сияқты қазақтың танымал шығармаларымен танысады. Құрманғазы атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық ұлт аспаптары оркестрі Йозеф Гайднның музыкасына жазылған ГФР әнұранын орындайды. Концерт шымылдығы Бекболат Тілеуханның орындауында «Елім менің» әнімен жабылады.
Соңғы жаңалықтар