12:17, 13 Ақпан 2013 | GMT +5
ҚР және Қырғызстанның азаматтары Әбу-Дабиге және Сеулге контрабандамен валюта алып шығуға әрекеттенді
АСТАНА. 13 ақпан. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 12 ақпанында ҚР ҰҚК Шекара қызметі «Алматы» бақылау-өткізу қосынының шекарашалары «Алматы-Әбу-Даби» рейсінде 34 мың 525 мың АҚШ доллары сомасында декларацияланбаған қаражатпен Қазақстан Республикасының азаматын ұстады.

Шекара қызметінің баспасөз қызметінен хабарланғандай, сол күні Алматының әуежайында шекарашылар Сеулге ұшып шыққан Қырғызстан Республикасының азаматын ұстады. Шетелдік азамат 13 мың 400 АҚШ доллары сомасында қаражатты декларацияламаған. Бұл фактілер бойынша тексеру амалдары жүргізілуде.