ҚР және РФ бизнес-омбудсмендері бірлесе отырып, екі ел кәсіпкерлерінің құқығын қорғайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ бизнес-омбудсмені Борис Титовтың шақыруымен Қазақстан кәсіпкерлерінің құқығын қорғайтын уәкіл Болат Палымбетов Ресей бизнес-омбудсмендерінің VІІ Бүкілресейлік конференциясына қатысты, деп хабарлады «Атамекен» ҰКП қоғаммен байланыс департаменті.
None
None

Бұл шараға федералдық министрліктер мен ведомстволардың, мемлекеттік билік органдарының, кәсіпкерлер, қоғамдық бірлестіктердің басшылары, аймақтық уәкілдер, сарапшылар қоғамдастығының өкілдері қатысты.

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкілі қазақстандық кәсіпкерлерден Ресей контрагенттері туралы көптеген шағымдар түсетінін айтты. Болат палымбетовтің пікірінше, РФ кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау  мәселесі қиын түйінге айналғанын атап өтті.

«Мен өз кезегімде ресей бизнесмендеріне осындай жағдайда көмек көрсетуге әзірмін, өйткені бұл салауатты экономикалық қатыанстардың кепілі» деп қосты Болат Палымбетов, сондай-ақ ол Борис Титовқа меморандум негізінде кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі уәкілдердің жұмысын ұйымастыру қажеттігін ұсынды. 

Соңғы жаңалықтар